Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құранның айрықша аудармасы жасалуда

10.12.2013 4876 0 пікір

Ресейлік мұсылман ғалымдары мен ислам зерттеушiлерiнiң бiр тобы Құранның орыс тiлiндегі жаңа түсiндiрме аудармасын жасауда. Аталмыш аударма жалпыға, қалың оқырманға бiрдей қолжетiмдi, ұғынықты, сонымен бiрге әлем дiндерiнiң iшiндегi исламның басты ерекшелiктерiн көрсетуi тиiс.

"Әлем елдері дамуға бет бұрған қазiргi уақытта аударманы осындай түсiндiрме сөздiгімен құрастыру және оны жоғары бiлiмi бар азаматтар да, жоқ азаматтар да, мұсылман да, мұсылман емес те оқи алатындай етiп жасау - қоғам алдындағы бiздiң басты мiндетiмiз" деп баяндады Ресей мүфтилері кеңесiнiң басшысы Рушан Аббясов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Кеңес басшысының айтуынша, бүгiнде мұсылман ғалымдарынан, зиялыларынан, зерттеушiлерiнен құралған үлкен ықпалды топ жасақталуда. Олар орыс тiлiнiң терең мәселелерiн ғана емес, араб тiлiнiң ерекшелiктерiн, күрделі тұстарын елеп-ескере білетiн мамандар. «Бұл шапағаты мол жұмыстың басталып кеткенiн де қуанышпен айта аламын» деді Р.Аббясов. Ол сонымен қатар, Құранның аударма жұмысының нақты аяқталатын уақытын айту мүмкiн емес екендiгiн, бiрақ ауқымды шараның бес жылдан артық уақыт алмауы керектiгiн де жеткiздi.

e-islam.kz

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру