Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР ТОЛЫҒЫМЕН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.06.2026 349 0 пікір
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЖЫЛАР ТОЛЫҒЫМЕН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Бүгін Сауд Арабиясы Корольдігінің Жидда қаласынан қазақстандық қажыларды алып шыққан соңғы әуе рейсі Қазақстанға аман-есен қонды. Осылайша қасиетті қажылық сапарына аттанған 4000 отандасымыздың барлығы туған жерге толық оралды.

Қажылар қасиетті Мекке және Мәдина қалаларында болып, Ислам дінінің бес парызының бірі саналатын қажылық құлшылығын орындады. Сонымен қатар қос қасиетті мекендегі тарихи және діни маңызы бар зиярат орындарын аралады.

Қажылық маусымы барысында Қазақстан қажылық миссиясы қажыларға діни, медициналық және ұйымдастырушылық бағыттар бойынша жан-жақты қызмет көрсетті. Сондай-ақ қажылық сапарын ұйымдастырушы конкурстан өткен 14 туроператор миссиямен бірлесе отырып, отандастарымыздың қауіпсіздігі мен құлшылық рәсімдерін талапқа сай орындауына тұрақты қызмет көрсетті.

Биылғы қажылық маусымы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қазақстандық қажылар қасиетті сапардағы парыздарын толық әрі абыроймен орындап, елге аман-есен оралды.

Қазақстан қажылық миссиясы қажылық маусымының табысты өтуіне үлес қосқан Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігіне, Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшілігіне, қажылық миссиясы құрамындағы мамандарға, қажылық сапарын ұйымдастырған туроператорларға және барша қажыларға алғысын білдіреді.

Алла Тағала барша қажыларымыздың жасаған құлшылықтарын қабыл етіп, қажылықтарын мүбәрәк етіп, ел-жұртымызға амандық, береке және бірлік нәсіп етсін.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру