Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

02 Қараша 2026

22 Жұмадәл әууәл 1448 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Солтүстік Қазақстанда зекет пен ұшыр жинау жұмыстарын жетілдіруге арналған семинар өтті

Зекет және қайырымдылық қорының баспасөз қызметі 02.11.2026 154 0 пікір
Солтүстік Қазақстанда зекет пен ұшыр жинау жұмыстарын жетілдіруге арналған семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен зекет пен ұшыр жинау жұмыстарын жүйелендіруге арналған арнайы семинар өтті. 

Бас қосудың негізгі мақсаты — өңірдегі қайырымдылық қызметтің тиімділігін арттыру және бұл бағытқа еріктілерді кеңінен тарту.

Іс-шараға СҚО Бас имамы Аян Болатұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев, сондай-ақ өңірдегі қор өкілдері мен белсенді волонтерлер қатысты.

Семинарда зекет пен ұшырды жинаудың жаңа әдістері, еріктілердің қоғамдағы рөлі, қайырымдылық мәдениеті тақырыптары жан-жақты көтерілді.

Игі іс — эко-акциямен жалғасты. Қатысушылар мен еріктілер Петропавл қалалық мешітінің аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру