Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Әжелерге маңызды құжат таныстырылды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 02.11.2026 160 0 пікір
Шымкент: Әжелерге маңызды құжат таныстырылды

Бүгін Шымкент орталық мешітінде ас беру және той мәдениетіне байланысты басқосу ұйымдастырылды. 

Басқосуға қала Бас имамының орынбасары Ахметжан Керімбек, Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров және қалалық Әжелер мектебінің жетекшісі Қалдыкүл Жұмабекқызы және сала жетекшілері қатысты.

Басқосу аясында ұстаздар ас беру және той мәдениетіне байланысты арнайы баяндама жасады. Семинар барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Сондай-ақ, жиында ҚМДБ-ның ас беру мәдениеті құжатын жан-жақты насихаттау мәселелері талқыланды.











Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру