Астанада медресе-колледж студенттері арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды.
Рухани келісім күніне орай өткен іс-шараға Астана қаласының Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы, оқу орнының директоры Қанат Қалымбетұлы, Жастар ісі секторының меңгерушісі Нұрболат Советханов, медресе ұстазы Махмуд Саид және студенттер қатысты.
Сайыс барысында шәкірттер асық ату, арқан тартыс, жаяу тартыс, шеге қағу және садақ ату секілді ұлттық ойын түрлерінен бақ сынады. Қатысушылар өзара күш, ептілік пен мергендік танытып, жарыс тартысты әрі қызықты өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттерге ақшалай сертификаттар табысталды.






























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Астана қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
muslim.kz
02.11.2026
142
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру