Шымкент қаласы Абай аудандық «Кенесары хан» мешітінде «Munara tv» телеарнасының жаңа кеңсесі ашылды.
Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміровтің айтуынша, кеңседе ақпаратқа жауапты тілші, фототілші, монтаждаушы мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар аз уақыт ішінде 20-дан астам әртүрлі тақырыпты қамтитын танымдық видео-роликтер әзірлеп үлгерген. Ал қызметкерлердің күнделікті жұмыс істеуіне ыңғайлы болуы үшін қажетті құралдармен толық қамтамасыз етіліпті.
Айта кетейік, бұл жұмыстар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында жүзезе асып жатыр.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
31.10.2026
155
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру