Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшетаулықтар көшет отырғызды

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 02.11.2026 131 0 пікір
Көкшетаулықтар көшет отырғызды

“Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясына ақмолалық дін қызметкерлері де атсалысты. Жақында Науан хазірет мешіті Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп Көкшетау қаласындағы “Бәйтерек” саябағында тазалық шарасын өткізді. 

Игі іс-шараға облыс имамы Серік Ергебекұлы қатысып, жиналғандар демалыс орындарын қоқыстан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызды.

ҚМДБ Төрағасы Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бір сөзінде: “Қоршаған ортаны таза ұстау – Аллаға, қоғамға және өзімізге деген құрмет”- деген еді. Бұл тазалық акциясы айналаға ұқыпты қарау, жер ананы қастерлеудің мән-маңызын көрсетеді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру