ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты «Әл-Ләтиф» мешітінде «Елін сүйген жастар» тақырыбында рухани басқосу ұйымдастырылды.
Жастарды отансүйгіштікке және бірлікке баулуды мақсат еткен бұл шараға Қурайлы мешітінің бас имамы Руслан Сатемірұлы мен мешіт жамағаты арнайы шақырылып, бауырластық пен ынтымақты нығайту мақсатында берекелі дастархан жайылды.
Жиын барысында «Әл-Ләтиф» мешітінің бас имамы Рүстембек Аманғосұлы отанды сүю және адал қызмет етудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді құрметтеу туралы сөз қозғады.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
02.11.2026
92
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру