Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ШЕЙХ ЗАИД ҮЛКЕН МЕШІТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 24.09.2026 205 0 пікір
БАС МҮФТИ ШЕЙХ ЗАИД ҮЛКЕН МЕШІТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шейх Заид үлкен мешіті орталығының Бас директоры, доктор Юсуф Абдулла Әл-Убәйдли бастаған делегациясын қабылдады.

Кездесуде тараптар діни саладағы өзара ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде доктор Юсуф Абдулла Әл-Убәйдли Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни-ағарту, қайырымдылық және қоғамдық бағыттағы қызметіне жоғары бағасын білдірді.

Кездесу барысында діни, мәдени және исламдық орталықтарды басқару салаларында тәжірибе алмасу мәселелері де сөз болды.

Сондай-ақ, доктор Юсуф Абдулла Әл-Убәйдли бастаған делегация Астана қаласындағы «Нұр-Сұлтан» мешітін аралап рухани орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты. 














Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру