Ақтөбе қаласында «Қайырқожа», «Сүлеймен ата» және «Әл-Ләтиф» мешіттерінің ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне арналған ғылыми-танымдық семинар өтті.
Аймақ имамдары мен ұстаздарының кәсіби біліктілігін арттыруға арналған шара «Ислам тарихының бүгінгі қоғамдағы маңызы» тақырыбына арналды.
Жиында республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Жексенбай Торбаев Ислам тарихындағы айтулы оқиғалар мен көрнекті тұлғалардың ғибратты өмірі, жат ағымдар тақырыбында дәріс оқыды.
Ал семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейкесті сауалдарына жауап алды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
06.11.2026
190
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру