Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте жаңа кітаптың таныстырылымы өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 06.11.2026 102 0 пікір
Шымкентте жаңа кітаптың таныстырылымы өтті

Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет Нұрматұлының «Ізгілікке бастар жол»  кітабы жарыққа шықты. Жаңа туындының таныстырылымы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде өтті. 

Игі шараға ардагер имам Бекайдар Әміре, Дәуренбек Тасқараев, Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, наиб имам Ахметжан Керімбек, Мұсабек Ақтамберді, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров және аудан бас имамы мен сала жетекшілері қатысты.

Бұл кітап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғы сөзімен басталып, түрлі деңгейдегі тақырыпты қамтитын құнды еңбек. Онда жастар тәрбиесі, дін мен дәстүр, отан, имандылық, адамгершілік және түрлі жат ағымдардың арбауынан сақтану т.б. өзекті тақырыптар қамтылған.

Кітап медресе және діни сауат ашу курсының шәкірттеріне, жалпы көпшілік қауымға арналған.










Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру