Ақтөбеде қала және облыс имамдары мен ұстаздары арасында волейболдан турнир өтті.
Спорттық шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Жарыстың өтуіне қалалық «Әл-Ләтиф», «Сүлеймен ата» және «Қайырқожа» мешіттері мұрындық болды.
Шараның ашылу салтанатында қаланың Бас имамы Алмат Әли шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде бірінші орынды «Алаш» тобы, екінші орынды «Есет батыр», ал үшінші орынды «Ағалар» тобы иеленді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
06.11.2026
207
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру