Абай облысы Көкпекті аудандық мешіті жанында Фахрутдин ата атындағы Діни сауат ашу орталығының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға облыстың Бас имамы Асқар Әбітайұлы, ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесі, ақсақалдар алқасы мен әжелер мектебі өкілдері, арнайы қонақтар мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Іс-шара барысында Бас имам діни сауаттылықты арттырудың, жас ұрпаққа имандылық тәрбиесін берудің және ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ жаңа орталықтың ел игілігіне қызмет етіп, халықтың діни білім алуына үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бұдан бөлек, орталықтың бой көтеруіне демеушілік жасаған Халел Дәлелұлына құрмет көрсетіліп, алғыс хат табысталды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
alashdin.kz
06.11.2026
105
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру