Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында дін қызметкерлерін республикалық аттестаттаудан өткізу жұмыстары басталды.
Аттестаттауды ҚМДБ тарапынан арнайы бекітілген комиссия мүшелері жүргізуде. Комиссия жұмысына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы жетекшілік етуде.
Комиссия құрамында ҚМДБ-ның «Дін істері және талдау» бөлімінің меңгерушісі Асан Әбдіқұлұлы және «Діни білім және кадр даярлау» бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы бар.
Дін қызметкерлерінің білімін бағалау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде имамдар компьютерлік тестілеуден өтсе, екінші кезеңде ауызша сұрақ-жауап арқылы кәсіби және діни білім деңгейін көрсетеді.
Ауызша сынақ барысында имамдардың қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр сабақтастығы, сондай-ақ ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары бойынша білімі сараланады.
Аталған аттестаттау жұмыстары Батыс Қазақстан облысындағы барлық дін қызметкерін қамтиды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
24.09.2026
117
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру