Алматы Орталық мешітінде «Құран - ілім, дін мен дәстүр - қазыналы білім» атты интеллектуалды сайыс өтті.
Құран, хадис, ислам тарихы және дін мен дәстүр тақырыптары аясында ұйымдастырылған білім байқауына аудан мешітттерінің шәкірттер тобы қатысып, өзара бақ сынасты.
Сайыс барысында қатысушылар арасында ислами интеллектуалды ойындар өткізілді. Әр кезеңде шәкірттер өз білімдерін, тапқырлықтарын және жылдам ойлау қабілеттерін көрсетті.
Нәтижесінде «Төле би» мешітінің шәкірттері жүлделі бірінші орынға, Алматы Орталық мешіттерінің шәкірттері екінші орынға, ал «Ақсай» мешітінің шәкірттері үшінші орынға ие болды.
Сайыс соңында қаланың Бас имамы Төлеби Оспан жеңімпаз топтарды қаржылай сыйлықтармен марапаттап, демеушілік жасаған азаматтарға алғысын айтты.

























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
azan.kz
09.11.2026
29
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру