Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды облысында қыз-келіншектер арасында діни интеллектуалдық сайыс өтті

Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі ihsan.kz 09.11.2026 60 0 пікір
Қарағанды облысында қыз-келіншектер арасында діни интеллектуалдық сайыс өтті

Қарағанды облысында ҚМДБ-ның жергілікті әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қыз-келіншектер арасында «Ілім бәйгесі» атты діни интеллектуалдық сайыс өтті. 

Білім додасы Құран, хадис, сира, фиқһ және ақида пәндері бойынша бес бағытта ұйымдастырылды. Сайысқа мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстарының шәкірттерінен құралған командалар қатысып, бірнеше кезең бойынша өзара бақ сынады. Байқау барысында қатысушылардың діни сауаттылығы, тапқырлығы, шапшаңдығы, топпен жұмыс істеу қабілеті мен білім деңгейі сараланды.

Білім бәйгесіне Қарағанды облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі, облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызы бастаған қазылар алқасы төрелік етті.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей орындарға ие болды: 

І орын – Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің «Нұр» тобы;
ІІ орын – Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің «Хафиза» тобы;
ІІІ орын – «Қажыбай қажы» мешітінің «Ихсан» тобы.

Шара соңында жүлделі орын иелері мен арнайы номинация жеңімпаздары марапатталып, қатысушыларға ізгі тілектер айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру