Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, «Орал» медресе-колледжінің ұстазы, Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» мешітінің наиб имамы Ерлан Кенжин арнайы сапармен Мұғалжар ауданына барды.
Сапар аясында Ерлан Кенжин жергілікті тұрғындар мен мешіт жамағаты үшін бірқатар рухани-танымдық және ақпараттық кездесу өткізді.
Алдымен Ембі қалалық «Нұр» мешітінде «Аманатқа адалдық – иманның бір бөлігі» тақырыбында уағыз айтып, кейін Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінде «Білім іздеу – әрбір мұсылманның міндеті» тақырыбында тағылымды жиынға қатысты. Сонымен қатар Қандыағаш қалалық «Қадырәлі ата» мешітінде болып, «Жат діни ағымдардың сипаттары» төңірегінде уағыз айтты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
09.11.2026
195
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру