Түркістанда «Қожа Ахмет Ясауи» атындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты жанынан «Құран ижазасы» бөлімі өз жұмысын бастады.
Бұл институт осы жылдың басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен ашылған еді.
Оқу орнына Мысыр Араб Республикасындағы әл-Азһар университетінен он қырағат иесі, білікті маман Һишам Саид Әли Фарраж ұстаздық қызметке шақырылды.
Бүгін комиссия мүшелері талапкерлердің қабылдау емтиханын өткізді. Комиссия құрамында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай, Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов, Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов, институт директоры Жүсіпбек Қасымбеков және Құран ижазасы бөлімінің меңгерушісі Асаділла Сүлейменұлы болды.
Іріктеу сынағынан сүрінбей өткен қарилар оқуға қабылданып, Құран Кәрімді ижаза талаптарына сай оқып-үйренуге мүмкіндік алады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігі баспасөз қызметі
09.11.2026
474
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру