Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда садақ атудан сайыс өтті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 09.11.2026 271 0 пікір
Қостанайда садақ атудан сайыс өтті

Қостанайда облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің мерейлі 10 жылдығына орай дәстүрлі садақ атудан жарыс ұйымдастырылды. 

Бұл сайысқа өңіріміздегі «Аймағанбет қажы Спанұлы», «Жайлаубай ата», «Марал ишан» және Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешіттерінің қызметкерлері қатысты.

Жарыс алдында облыстың Бас имамы Бектұрсын Уәлиев шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыс нәтижесінде бірінші орынға Дархан Төребеков, екінші орынға Саидаббас Мираманов, үшінші орынға Асет Жарлығасын ие болды. Жүлдегерлерге арнайы кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру