Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Солтүстік Қазақстанда Мәуліт мерекесіне орайрухани кеш өтті

Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 22.09.2026 38 0 пікір
Солтүстік Қазақстанда Мәуліт мерекесіне орайрухани кеш өтті

Солтүстік Қазақстан облысында Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жүректерге нұр, көңілдерге жылу сыйлаған рухани кеш өтті.

Кеш Алланың Кәләмімен ашылып, Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерімен өрілді. Жиын ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен сыр шерткен сұрақ-жауаптармен жалғасты.

Сондай-ақ салауат айтудың артықшылықтары түсіндіріліп, бір ай бойы Мәуліт айына орай ұйымдастырылған рухани жарыстың қорытындысы жарияланды.

Кеш соңында бір ай бойы үздіксіз жалғасқан салауат мәжілісінің хатым дұғасы жасалды.

Жиын қатысушыларға рухани әсер сыйлап, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру