Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда «Берекелі шаңырақ – адал қоғам негізі» атты кездесу өтті

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 22.09.2026 39 0 пікір
Қостанайда «Берекелі шаңырақ – адал қоғам негізі» атты кездесу өтті

Қостанай қаласындағы «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Берекелі шаңырақ – адал қоғам негізі» атты тағылымды кездесу өтті.

Жиынның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасындағы жауапкершілікті арттыру және берік шаңырақтың қоғамдағы маңызын түсіндіру.

Кездесу барысында мешіт қызметкерлері «Отбасы жауапкершілігі – адал қоғамның негізі» тақырыбында дәріс оқып, қазіргі қоғамдағы отбасыға қатысты өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, жастардың отбасына жауапкершілікпен қарауы, некенің беріктігін сақтау, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністіктің маңызы сөз болды.

Жиында отбасы – қоғамның негізгі тірегі екені айтылып, жастарды шаңырақтың берекесі мен бірлігін сақтауға үндеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру