Павлодар қаласындағы Қанат Әбусейітов атындағы мәдениет орталығында «Ғаламның ұлы ұстазы Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)» атты рухани кеш өтті.
Кешті белгілі айтыскер ақын Қуаныш Шарманов жүргізді. Шара барысында «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің шәкірттері Мәуліт оқып, жамағатпен бірге салауат айтты.
Сондай-ақ «Сарыарқа» триосы Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арнап салауат айтып, имани әндер орындады.
Рухани кеш барысында биыл жамағатына айқара есік ашқанына 25 жыл толып отырған «Мәшһүр Жүсіп» мешіті туралы «Арқа өңірінің рухани темірқазығы» атты кітап және «Муфтият» баспасынан жарық көрген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәулітін атап өтудің шариғи дәлелдері» атты еңбегі белсенді жамағат өкілдеріне тарту етілді.
Бұдан бөлек, «Муфтият» баспасынан жарық көрген кітаптардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Рухани кешке жиналған жамағат тағылымды шарадан жақсы әсер алып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Павлодар облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
22.09.2026
68
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру