Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Солтүстік Қазақстан: Дін қызметкерлері аттестаттаудан өтуде

Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 07.09.2026 9 0 пікір
Солтүстік Қазақстан: Дін қызметкерлері аттестаттаудан өтуде

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің дін қызметкерлерін кезекті республикалық аттестаттау басталды.

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде өтіп жатқан аттестаттауға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай төрағалық етуде. Комиссия құрамында ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Тілеубердиев пен Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуалиев бар.

Аттестаттауға облыстағы 54 мешіттен 100-ден астам дін қызметкері қатысуда. Олардың қатарында бас имамдар, наиб имамдар, ұстаздар, молдалар және азаншылар бар.

 

Айта кетейік, республикалық аттестаттау екі күнге жоспарланған.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру