Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Дін қызметкерлері аттестаттаудан өтуде

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 07.09.2026 15 0 пікір
Қостанай: Дін қызметкерлері аттестаттаудан өтуде

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тікелей ұйымдастыруымен Қостанай өңірінің дін қызметкерлеріне арналған кезекті республикалық аттестаттау басталды.

Аттестаттауды ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Қасболатұлы бастаған комиссия өткізуде. Комиссия құрамында ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Тлеубердиев пен Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі бар.

Аттестаттаудың негізгі мақсаты – мешіттерде қызмет атқарып жүрген дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, діни білімін жетілдіру және халыққа сапалы діни қызмет көрсету деңгейін көтеру.

Биыл Қостанай облысынан 72 дін қызметкері санаттары бойынша сынақ тапсырады. Олар ақида, фиқһ, ислам тарихы, Құран және тәжуид, хадис, заңнама, сондай-ақ ҚМДБ қабылдаған тұжырымдамалық құжаттар бойынша білімдерін сынайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру