Бүгін Түркістан қаласының «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы РАНТ мүшесі, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров жұма уағызын жүргізді.
Жұма намазына жиналған жамағатқа «Тазалық, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында мазмұнды уағыз айтты. Насихат барысында ислам дініндегі тазалықтың маңызы, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, табиғатты аялау – мұсылманның негізгі міндеттерінің бірі екені кеңінен түсіндірілді.
Уағыз барысында жамағатты айналаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, ысырапшылдық пен немқұрайлылықтан аулақ болуға шақырды. Қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен мысалдар келтіріліп, тазалық – иманның жартысы екені ерекше атап өтілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
24.04.2026
287
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру