Дәстүр мен дінімізді байланыстыра отырып, жастардың діни сауатын арттыру үшін өңірімізде бірнеше келелі жобалар жүзеге асырылуда. Жат ағымның жетегінде кеткен қандастарымыздың көпшілігі бүгінде Әбу Ханифа мәзхабын ұстанып, тура жолға бет бұруда.
Мұның барлығы дін саласында жүрген мамандарымыздың еңбектерінің жемісі. Бауырмалдылық пен ауызбіршілікті нығайтып, хақ дінімізді насихаттау мақсатында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы әр айдың соңында дәстүрлі түрде жамағатқа айлық отырыс ұйымдастырып келеді. 30 сәуір күні құптан намазынан соң мешітте 400 ден астам жамағаттың басы ақ дастарханда қауышты. Бұл жолғы айлық отырыста дінтанушы, ұстаз Қанат Жұмағұл "Шыншылдық" тақырыбында уағыз насихат айтты. Сондай-ақ, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға Бас имам Батыржан Мансуров жауап берді.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі.

DINI MEREKELER
05.05.2016
3303
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Pіkіrler (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру