Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылжарда «Zerde» оқырмандар клубының жұмысы жандануда

Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.04.2026 401 0 пікір
Қызылжарда «Zerde» оқырмандар клубының жұмысы жандануда

Осыдан бір ай бұрын облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде «Zerde» оқырмандар клубы ашылған болатын. Бүгінде клубқа «Әйел-қыздар» секторының 30-дан астам мүшесі қатысуда.

Клубтың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жамағаттың ой-өрісін кеңейтіп, рухани дамуына үлес қосу. Сонымен қатар «Бір айда бір кітап» жобасы аясында таңдалған туындыларды оқып, оның мазмұнын бірлесе талқылау көзделген.

Алғашқы айда қатысушылар Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын оқып, ондағы тәлім-тәрбие мен отбасылық құндылықтар жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ кітап оқудың маңыздылығы, уақытты тиімді пайдалану және рухани-зияткерлік дамудың жолдары талқыланды.

Кездесу барысында аталған шығарма негізінде шағын тестілеу ұйымдастырылды. Қорытындысында өңірдің Бас имамы Хамзат Қажымұратұлы үздік қатысушыларды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру