ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Наурыз мерекесіне арналған құттықтау сәлемін Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Дәділұлы Түрксіб ауданы, Әлмерек шағын ауданының тұрғындарына жеткізді.
Көктемнің шуақты күнінде Әлмерек шағын ауданында Ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып, дәстүр дәріптелген тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан бастаған дін қызметкерлері қатысып, бабалар рухына қасиетті Құран аяттары оқылды. Аудан тұрғындарына Наурыз мерекесіне орай ізгі тілектер айтылып, ел амандығы мен тыныштығы үшін бата берілді.
Мерекелік шара барысында ауданға қарасты мешіт қызметкерлері белсенділік танытып, ұлттық ойындардан спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектеп оқушылары сахналық қойылымдар мен өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер ұлттық дәмнен ауыз тиіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Іс-шара соңында Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан «Таза Қазақстан» акциясы аясында Түрксіб ауданы «Макка» мешітінің ұйытқы болуымен өткен ағаш отырғызу шарасына қатысты. Аталған акция шеңберінде қала мешіттерінде аумақты абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу, әрлеу-сырлау, жарықтандыру және қоқыстан жүйелі түрде тазалау бағытындағы игі бастамалар жүзеге асырылуда.




























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
30.03.2026
1081
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру