Бүгінгі таңда республика аумағында ең ірі қант зауатының бірі болып табылатын, бұл мекемеде 1967 жылдан бері жүйелі түрде қызмет етіп келеді. Бүгінгі таңда 1000-ға жуық қызметкер бар бұл өндіріс орны жылына 100 мың тонна қант өндіріп келеді.
Жетісу облысының Бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы Ақсу ауданына жасаған жұмыс сапары аясында осы атаулы мекемеге ат басын бұрып, «АқсуҚант» ЖШС (АқсуҚант) басшысы — Ниязбеков Макет Жақпарұлымен жүздесіп, «QMDB HALAL» стандарты бойынша куәлігін табыс етті. Ендігі кезекте «Ақсу қант зауыты» қант қызылшасын өңдеу, шикізат қабылдау және өндіру бойынша, оның ішінде "Баян сұлу" конфеттері «QMDB HALAL» стандарты бойынша шығарып, таратылатын болады.
Облыстың Бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы мүфтият тапсырмасына сай, өңірде халал саласында жүйелі жұмыс атқарып келе жатқан «QMDB HALAL» Жетісу облысы бойынша өкілі Ордыбай Мұхаметке және осы игі іске арқау болған Ақсу ауданының имамы Анарбай Тасболатұлына өз алғысын білдірді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыттарының бірі – халал саласын дамыту. Халал жүйесі шариғат талаптарына сай отандық кәсіпкерлікті қолдап, ұлттық экономиканы нығайтудың маңызды тетігі болып табылады. Осы бағытта қызмет атқаратын Халал Даму мекемесінің «QMDB HALAL» куәлігіне ие кәсіпорындар ішкі нарықпен қатар, халықаралық деңгейде де белсенді жұмыс жүргізіп келеді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жетісу облысы өкілдігінің Баспасөз қызметі
01.04.2026
446
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру