Ақмола облысына қарасты аудан бас имамдарының кезекті тоқсандық жиналысы ұйымдастырылды.
Жиын барысында Ақмола облысының өкіл имамы Қуаныш Жұмабайұлы жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысын саралап, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер мен бағыт-бағдарларды айқындап берді.
Кездесу аясында аудан бас имамдары өз өңірлеріндегі діни ахуал туралы баяндап, атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар, өңірлерде туындаған өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды.
Жиын барысында тәжірибе алмасу, жұмыс сапасын арттыру және бірлескен қызметті жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Басқосу діни қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды алаң ретінде өтті.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру