Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңаөзенде той мен Құдайы асты өткізудің талаптары түсіндірілді

Маңғыстау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 09.11.2026 43 0 пікір
Жаңаөзенде той мен Құдайы асты өткізудің талаптары түсіндірілді

Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде «Құдайы ас– жарыс емес, сауап. Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында рухани кездесу өтті. 

Іс-шараға Маңғыстау облысының Бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, қала имамдары, Жаңаөзен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүзбай Күмісбаев бастаған ақсақалдар, сондай-ақ жыршы, асабалар қатысты.

Кездесу барысында Әнуар Ізімбайұлы Құдайы ас дастарханына ұсынылатын тағам мәзірін таныстырды. Сондай-ақ ҚМДБ қабылдаған «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» құжатының негізгі талаптарын түсіндіріп, ас беру кезінде шектен тыс шығынға бармай, қарапайымдылық пен үнемшілдікті ұстанудың маңызын атап өтті.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру