Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасының кезекті шығарылымы жарық көрді

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 09.11.2026 58 0 пікір
Ақтөбе: «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасының кезекті шығарылымы жарық көрді

ҚМДБ ның «Мұнара ТВ» арнасында  «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасының кезекті шығарылымы жарық көрді.

Бағдарламаның бұл саны Мүфтияттың айтулы шарасының бірі, Ақтөбеде ұйымдастырылған Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өткен ХV республикалық байқауға арналды.

Рухани шараның маңыздылығын талқылау мақсатында студия төріне аталған доданың қазылар алқасының мүшесі Бекжан қари Әлденов пен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы шақырылды.

Меймандар байқаудың ұйымдастырылу барысы, қатысушылардың талпынысы мен дайындық деңгейін талқылады. Сондай-ақ сайыстың өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеудегі, қасиетті кітапты қастерлеудегі және еліміздегі қарилар мектебінің әлеуетін арттырудағы рөліне ерекше тоқталды.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Otau TV» спутниктік операторындағы 26-шы арна арқылы «Мұнара ТВ» телеарнасының эфирінен алдағы бейсенбі күні яғни 12 қарашада және ресми телеарнаның  YouTube арнасынан тікелей эфирде  көруге болады.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру