Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Солтүстік Қазақстан: «Қызылжар» орталық мешітінде сенбілік өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі uagyz.kz 04.11.2026 129 0 пікір
Солтүстік Қазақстан: «Қызылжар» орталық мешітінде сенбілік өтті

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қызылжар» орталық мешітінің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Игі шараға өңірдің бас имамы Аян Болатұлы мен мешіт ұжымы бір кісідей атсалысты.

Сенбілік барысында мешіт ауласы күл-қоқыстан тазартылып, қураған жапырақтар мен бұталар сыртқа шығарылды.

Қоршаған ортаның тазалығын сақтауды мақсат еткен шара алдағы уақытта жалғасын табады.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру