Алматыда «Әбу Ханифа» мешітінде ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Құран – жүрегімнің көктемі» атты қыз-келіншектер арасында Құран жарысы өтті.
Іс-шараның шымылдығын «Әбу Ханифа» мешітінің бас имамы Абдулқасым Абдімажитұлы Құран аяттарымен ашып, жиналған қауымға Құран оқудың артықшылығы жайлы уағыз-насихат айтты.
Жарысқа 40 жасқа дейінгі мешітте білім алған қыз-келіншектер қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылар «Дұха» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа, мәнерлеп, тәжуид ережелерін сақтай отырып оқыды. Екінші бөлімде қатысушылар имам ән-Нәуауидің «Қырық хадис» жинағы бойынша дайындалған сұрақтарға жауап берді.
Сайыста қатысушыларды бағалауға ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторы Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы, «Бәйкен» мешітінің ұстазы Жазира Тоқтасынқызы және «Райымбек батыр» мешітінің ұстазы Мақсат Тұрлыбайқызы қазылық етті.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері:
І орын – Суалир Зухра - 100.000 теңге «Заря Востока» мешіті
ІІ орын –Ахмедьярова Анель - 70.000 теңге «Әл-Мәдина» мешіті
ІІІ орын – Омарова Нұрсафия- 50.000 теңге «Мұхаммед әл-Әмин» мешіті
Сонымен қатар жарысқа қатысқан барлық қыз-келіншекке алғыс хат пен естелік ынталандыру сыйлығы табысталды. Шара соңында көрерменге де арнайы сұрақтар қойылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар берілді.


















.jpg)



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
azan.kz
04.11.2026
206
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру