Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан облысында қайырымдылық жұмыстарын жетілдіруге арналған семинар өтті

Зекет және қайырымдылық қорының баспасөз қызметі 03.11.2026 173 0 пікір
Түркістан облысында қайырымдылық жұмыстарын жетілдіруге арналған семинар өтті

Түркістан облысында «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық жұмыстарын жүйелендіруге арналған арнайы семинар өтті. 

Басқосудың негізгі мақсаты — өңірдегі қайырымдылық қызметтің тиімділігін арттыру және бұл бағытқа еріктілерді кеңінен тарту.

Іс-шараға Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев, сондай-ақ облыс, аудан, ауылдың қайырымдылығына жауапты имамдар мен белсенді еріктілер қатысты.

Семинарда төрт-түлік малдан, ұшырдан жиналатын зекетті ұйымдастырудың жаңа әдістерін, халықпен кері байланысты нығайтуды және қайырымдылық жобаларын жүйелі түрде жүзеге асыру жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ еріктілер қозғалысын дамыту бастамалары аясында мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің маңызы талқыланды.












Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру