Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлытау: «Мұхаммед пайғамбар – күллі әлемге рақым» атты мәуліт кеші өтті

Ұлытау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі ahnaf.kz 30.10.2026 214 0 пікір
Ұлытау: «Мұхаммед пайғамбар – күллі әлемге рақым» атты мәуліт кеші өтті
Ұлытау облысында «Мұхаммед пайғамбар – күллі әлемге рақым» атты рухани мәуліт кеші өтті. 
 
Құран аяттарымен басталған тағылымды кеште Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы жиналған жамағатқа насихат айтып, Пайғамбарымыздың өнегелі өмірі мен көркем мінезі туралы ой бөлісті.
 
Кеш барысында медресе шәкірттері мен жамағат бірлесе мәуліт жырын оқып, ардақты Пайғамбарымызға салауаттар жолдады. Сонымен қатар рухани уағыз айтылып, жамағат арасында діни білімді дәріптеуге бағытталған білім сайысы ұйымдастырылды.





 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру