Алматы қаласының «Байкен» мешітінде «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» атты кездесу өтті.
Іс-шараға мешіттің бас имамы Құлмұхаммед Маханбет, ҚМДБ РАНТ мүшесі, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Тоқсанбайұлы, Бостандық ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Саденұлы және осы ауданның апа-әжелер алқасы мүшелері қатысты.
Жиында Құдайы ас жарысқа, мақтанға немесе бәсекеге айналмауы керектігі, несие алып, қарызға батып, ас беру дұрыс еместігі айтылды. Сондай-ақ, қатысушылар бұл рәсімнің негізгі мақсаты марқұмды еске алып, оған Құран бағыштау, ағайын-туыстың басын қосу және сауапты амал жасау екенін жеткізді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
azan.kz
29.10.2026
212
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру