Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде діни қызметкерлерге арналған оқу бағдарламасы аясында «Мәзһабтардың шығу тарихы» тақырыбында ислам тарихы пәні бойынша діни-танымдық семинар өтті.
Семинарды ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы жүргізді. Іс-шараға Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған облысқа қарасты аудан-қала мешіттерінің дін қызметкерлері қатысты.
Оқу барысында мәзһабтардың қалыптасу тарихы, ислам ғылымындағы орны мен маңызы, дәстүрлі діни танымның ерекшеліктері туралы түсіндіріліп, дін қызметкерлерінің білімін тереңдетуге бағытталған маңызды мәліметтер ұсынылды.
Семинар соңында қатысушыларға оқу бағдарламасына қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды. Айта кетейік, аталған шара ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен ұйымдастырылып отыр.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
28.10.2026
127
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру