Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы негізінде, «Ислам және адал қоғам» жылы аясында ұйымдастырылды.
Маңызды басқосуға ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Данияр Айтбайұлы, Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы Жанболат Ахуанұлы, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы, аудан-қала имамдары, ақсақалдар, теолог-дінтанушылар, студенттер мен сала мамандары қатысты.
Жиналғандар өз баяндамаларында дәстүрлі діни таным мен ұлттық құндылықтардың сабақтастығын сақтау, қоғамның рухани тұтастығын нығайту және өскелең ұрпаққа дұрыс діни бағыт-бағдар беру бағытындағы өзекті мәселелерді көтерді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
28.10.2026
119
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру