Астанадағы Пригородный тұрғын алабында Республика күніне орай әлеуметтік қолдауды қажет ететін 80 отбасыға жалпы көлемі 30 тонна көмір таратылды.
Ұлттық мерекеге орай ұйымдастырылған игі бастаманың мақсаты – тұрмысы төмен және әлеуметтік осал топтағы отбасыларға қолдау көрсету, алдағы қысқы маусымда жылумен қамтамасыз ету.
Қыс мезгілі жақындаған тұста қатты отынға мұқтаж отбасылар үшін мұндай көмектің маңызы зор. Қайырымдылық шарасы тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жеңілдетуге және қоғамдағы өзара жанашырлық пен бірлікті нығайтуға мүмкіндік береді. 





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Зекет және қайырымдылық қорының баспасөз қызметі
28.10.2026
177
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру