Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Мұнара» телеарнасының «Жұмадағы жүздесу» рухани-танымдық бағдарламасында ас беру мәдениеті мен оны реттеу тақырыбы талқыланды.
Мазмұнды сұхбат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қабылданған «Ас беру мәдениеті» концептуалды құжаты аясында ұйымдастырылды.
Сұхбатта қоғам қайраткері, депутат Марат Қойлыбай мен Темір ауданының бас имамы Зарлық Ералин Ислам діні мен қазақ дәстүрінің сабақтастығына тоқталып, ас беру кезіндегі ысырапшылыққа жол бермеу, шариғат пен ұлттық құндылықтар шеңберінде мәдениетті сақтау мәселелерін кеңінен талқылады.
Айта кетейік, бағдарлама осы жұма күні «Мұнара» телеарнасының эфирінен және ресми әлеуметтік желі парақшаларынан көрерменге жол тартады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
28.10.2026
150
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру