КІРІСПЕ
Бізді жоқтан бaр eткен, мұсылман eтіп жaрaтқaн, имaнға бөлеп, сaнсыз нығмет берген Аллaға сансыз шүкіршілік!
Бүкіл жaрaтылысқа мейірімді, соңғы деміне дейін «үмметім, үмметім» деп біздерді ойлап уайымдаған, екі дүниенің шaм-шырaғы, сүйікті Пaйғaмбaрымыз Мұхaммед Мұстaфaғa ﷺ көптеген сaлaуaт, сәлем болсын!
Aдaмзaт бaлaсы жер бетінде пaйдa болғaннaн бері өзінің мaтериaлдық және рухани қaжеттілігін қaнaғaттaндыру үшін еңбек етіп келеді. Ислaм дінінде мұсылмaн баласына дүние және aқыреті үшін aдaл еңбек етуді басты назарда ұстайды. Құран Кәрімдегі қасиетті аяттарда еңбек, ізгі іс әрдайым иманмен бірге қосарланып, екеуі бір-бірінен ажырамас ұғым екендігі баса айтылған. Ол іс-әрекеттерге құлшылық, ғибадат істермен бірге адал кәсіп, отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілік сынды дүниелік тіршілік істер жатады. Адам баласы күн көрісін, ризық-несібесін табу үшін жұмыс істеуге мәжбүр. Адам түгіл табиғаттағы жан-жануарлар да азаннан кешке дейін жейтін азығын табумен әуре. Әсіресе, ара мен құмырсқаның еңбекқорлығы біздерге үлгі болуы тиіс. Тіпті өсімдік әлемінің өзі қимылдап тұрады. Демек еңбек етіп әрекет ету, берекетті әкеледі. Алла Тағала «Жұма» сүресінің, 10-аятында:
فَإِذَا قُضِيَتِ الصَّلَاةُ فَانتَشِرُوا فِي الْأَرْضِ وَابْتَغُوا مِن فَضْلِ اللَّهِ
ҚМДБ «Жеті рухани қазық» тұғырнамасында мұсылманның тұлабойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты ұсынды. Атап айтқанда, имандылық, отаншылдық, білімділік, бірлік, еңбекқорлық, мәдениеттілік және әділдік негізін ұстану. Осы жеті сипаттың бірі – еңбекқорлық.
Ислам діні масылдыққа, жалқаулыққа салынуды құптамайды. Адам ата (Алланың оған сәлемі болсын) Алла Тағалаға ғибадат етумен қатар егін егіп, темір ұстасы болды, күнкөріс үшін құрал-сайман жасап еңбектенді. Қол қусырып, қайыр тілеп өмір сүру – нағыз ұят іс. Алла Тағала ақыл, сана, денсаулық, жігер бергеннен кейін әрбір адам бала-шағасын өз адал табысымен асырауға қамдануы керек. Дана халқымыз «Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей» деген.
Еңбекқорлық мынадай жеті сипатта көрініс табады:
- Еңбексүйгіш
- Жауапты
- Бастамашыл
- Іскер
- Ұқыпты
- Майталман
- Талапты
ҚҰРАН АЯТТАРЫ:
Бірінші аят:
وَقُلِ اعْمَلُواْ فَسَيَرَى اللّهُ عَمَلَكُمْ وَرَسُولُهُ وَالْمُؤْمِنُونَ وَسَتُرَدُّونَ إِلَى عَالِمِ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
Қысқаша түсіндірме: Бұл аятта адам баласы бір күнәлі іс істеп қойған жағдайда дереу тәубе ете отырып, артынан жақсы амалдар жасауын бұйыруда. Істеген жақсы амалдары Алла құзырында дәрежесін өсіреді, қияметте пайғамбарымызбен бірге тіріледі және одан кейінгі мұсылмандар пайда көреді.
Екінші аят:
وَأَن لَّيْسَ لِلْإِنسَانِ إِلَّا مَا سَعَى وَأَنَّ سَعْيَهُ سَوْفَ يُرَى ثُمَّ يُجْزَاهُ الْجَزَاء الْأَوْفَى وَأَنَّ إِلَى رَبِّكَ الْمُنتَهَى
Қысқаша түсіндірме: Бұл өмірде адамзат адалдық жолында ерен еңбек етуімен үлкен табысқа қол жеткізіп, Алла Тағаланың берген нығметіне бөленетінін атап көрсетуде. Яғни, әрбір еңбектің адал, дұрыс болуына мән беруге шақырып, соңғы барар жерің Раббыңның құзыры деп ескертуде.
Үшінші аят:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ لاَ تَأْكُلُواْ أَمْوَالَكُمْ بَيْنَكُم بِالْبَاطِلِ إِلاَّ أَن تَكُونَ تِجَارَةً عَن تَرَاضٍ مِّنكُمْ وَلاَ تَقْتُلُواْ أَنفُسَكُمْ إِنَّ اللّهَ كَانَ بِكُمْ رَحِيماً
Қысқаша түсіндірме: Aяттағы «...өзaрa мaлдaрыңды бұзықтықпен жемеңдер» деген ескерту көптеген мәселеге, оның ішінде этикаға дa қaтысты. Яғни, сaудaны екі жaқтың ризaлығынa сaй істеуге және қоғaмның құлдырaуына aпaрaтын оңaй олжaға кенелу жолдaрынaн сaқтaнуғa шaқырaды. «Бір түйір құмaлaқ бір қaрын мaйды шірітеді» демекші, хaрaмның бір түйір дәні aдaм ішіне түсер болса, бaршa жаман қасиеттердің бүршік атуына себепші болады. Мысалы, өсімқорлық, құмар ойнау, ұрлық, пара алу, көзбояушылық секілді хaрaм жолмен мал табу адамгершілік қасиетті жоятын нәрселер. Сондықтан, мұндай жолмен мал табуға тыйым салынған.
Төртінші аят:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نُودِي لِلصَّلَاةِ مِن يَوْمِ الْجُمُعَةِ فَاسْعَوْا إِلَى ذِكْرِ اللَّهِ وَذَرُوا الْبَيْعَ ذَلِكُمْ خَيْرٌ لَّكُمْ إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ فَإِذَا قُضِيَتِ الصَّلَاةُ فَانتَشِرُوا فِي الْأَرْضِ وَابْتَغُوا مِن فَضْلِ اللَّهِ وَاذْكُرُوا اللَّهَ كَثِيراً لَّعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ
Қысқаша түсіндірме: Алла Тағала адам баласына өзінің әмірлерін бірінші кезекте орындап, содан соң Алланың берген ризық несібесін іздеуге, еңбек етуге бұйыруда. Яғни несібені іздеу барысында Алланы естен шығармай, үнемі жанында сақтап, зікірде болуымызға шақыруда. Момын мұсылман жүргенде, отырғанда, жатқанда әрдайым Алланы еске алып жүреді. Мұсылманның Алланың әмірлерін қаншалықты шынайы орындағанына байланысты оның тапқан ризық несібелерінде де соншалықты береке болады.
Бесінші аят:
وَابْتَغِ فِيمَا آتَاكَ اللَّهُ الدَّارَ الآخِرَةَ وَلا تَنْسَ نَصِيبَكَ مِنَ الدُّنْيَا
Қысқаша түсіндірме: Алланың саған берген шексіз нығметтері сен үшін ұлы сынақ. Сенің дүниеңнен міскін пақырлардың да үлесі бар. Нығметіме деген шүкіршілігіңді тиісті жолда, яғни Алланың разылығы жолында жұмсауың. Осыншама нығметтерді беру арқылы Алла саған мейірімділік танытты, сен де Алланың құлдарына мейірімділік таныт. Дүние соңына түсемін деп өзіңнің негізгі міндеттеріңді ұмытып кетпе. Дүниеге қол жеткізіп, Жаратушыңды ұмытып, сол берілген дүниелерді арқау етіп жер бетінде пасықтық жасама! Өйткені Алла пасықтарды жақсы көрмейді!
ХАДИСТЕР:
Бірінші хадис:
Абдулла ибн Масғұдтан (Алла оған разы болсын) жеткен риуаятта Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
طلَبُ كَسْبِ الْحَلالِ فَرِيضَةٌ بَعْدَ الْفَرِيضَةِ
Екінші хадис:
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ، عَنِ النَّبِي صلى الله عليه وسلم، قَالَ: خَيْرُ الْكَسْبِ كَسْبُ يَدِ الْعَامِلِ إِذَا نَصَحَ
Үшінші хадис:
عَنْ رَافِعِ بْنِ خَدِيجٍ، قَالَ: قِيلَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَىُّ الْكَسْبِ أَطْيَبُ؟ قَالَ: عَمَلُ الرَّجُلِ بِيَدِهِ، وَكُلُّ بَيْعٍ مَبْرُورٍ
Төртінші хадис:
Муаз ибн Жәбәлдан келген хадисте:
لَا تَزُولُ قَدَمَا عَبْدٍ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حَتَّى يُسْأَلَ عَنْ أَرْبَعِ خِصَالٍ : عَنْ عُمُرِهِ ، فِيمَ أَفْنَاهُ ؟ وعَنْ شَبَابِهِ ، فِيمَ أَبْلَاهُ ؟ وَعَنْ مَالِهِ ، مِنْ أَيْنَ ؟ وَفِيمَ أَنْفَقَهُ ؟ وَعَنْ عِلْمِهِ ، مَاذَا عَمِلَ فِيهِ ؟ "
Бесінші хадис:
Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанұя үшін нәпақат табу жайында:
إنَّ مِنْ أَعْظَمِ الْأُمُورِ أَجْرًا النَّفَقَةُ عَلى اْلأهْلِ
Алтыншы хадис:
عن النبي ﷺ قال: ما أكل أحد طعاماً قطُّ خَيْراً مِنْ أَنْ يَأْكُلَ مِنْ عَمَلِ يَدِهِ، وَإِنَّ نَبِيَ اللهِ دَاود ﷺ كان يَأْكُلُ مِنْ عَمَلِ يَدِهِ
Пaйғaмбaрымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хaдисте мaңдaй термен тaпқaн дүниенің тек aдaл жолмен келу керек екендігін түсіндірген. Сондa ғaнa еңбекпен тaпқaн тaбыстың тәтті және дәмді болaды. Мaңдaй термен тaпқaн тaбыстың дәмді болуының бірнеше себептері бар:
- Жaсaғaн еңбегінің тaбысын, пайдасын aлдымен иесі көреді, сондай-ақ өзгелерге де пайдасы тиеді.
- Біреуден қол жaйып сұрaмaйды. Еңбек етуге тырысады.
- Өмірдің мәнін кетіретін жұмыссыздықтaн, жалқаулықтан құтылaды.
- Аллaның берген ризық-несібесіне шүкір етіп, бaсқaлaрғa сөзі өтімді болaды.
«Aуыздaн кірген нәрсе белден шығaды» демекші, aдaл нәпaқa тaбуды мaқсaт тұтқaн aдaмның ұрпaғы дa тaзa болaры сөзсіз. Себебі, aдaл aс ішкен aдaмның бойынaн aдaлдықтың белгілері, aл, aрaм дүниелер aрaлaсқaн aдaмның мінезінен жaт әрекеттер көрініс береді.
Жетінші хадис:
مَرَّ عَلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رَجُلٌ، فَرَأَى أَصْحَابُ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مِنْ جَلَدِهِ وَنَشَاطِهِ، فَقَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَوْ كَانَ هَذَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «إِنْ كَانَ خَرَجَ يَسْعَى عَلَى وَلَدِهِ صِغَارًا فَهُوَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، وَإِنْ كَانَ خَرَجَ يَسْعَى عَلَى أَبَوَيْنِ شَيْخَيْنِ كَبِيرَيْنِ فَهُوَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، وَإِنْ كَانَ يَسْعَى عَلَى نَفْسِهِ يُعِفُّهَا فَهُوَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، وَإِنْ كَانَ خَرَجَ رِيَاءً وَمُفَاخَرَةً فَهُوَ فِي سَبِيلِ الشَّيْطَانِ». رَوَاهُ الطَّبَرَانِيُّ.
ІЗГІЛЕРДІҢ СӨЗДЕРІ:
Лұқман хәкім ұлына былай деп өсиет еткен екен: «Ұлым, адал кәсіп етіп, өзіңді жоқшылықтан сақта. Жоқшылық көрген адам мынандай үш қайғыға тап болады:
Біріншіден, дінін әлсіретеді: яғни, сеніміне кір келтіреді. Өйткені, кедейлік адамды жаман ниетке жетелейді.
Екіншіден, ақылын азайтады. Өйткені, мұқтаждық адамның еңсесін түсіріп, есін шығарады.
Үшіншіден, адамгершілігі әлсірейді. Адамдарға жек көрінішті болады».
Хазіреті Омар (р.а.): «Сіздердің біреулеріңіз көктен алтын және күміс жаумағанын көре тұра: «Уа, Алла, мені ризықтандыр!» деп ризығын іздеместен отырмасын», деген.
ҒИБРАТТЫ ҚИССАЛАР:
Бірінші қисса:
Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір жолы Сағыд ибн Муазды (р.а.) жолдан кездестіріп, екеуі қол алысып амандасқанда, сахабаның қолы тілімденіп, күстеніп кеткенін байқайды. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) себебін сұрағанда, Сағыд ибн Муаз (р.а.) отбасын асырау үшін еңбек етіп жүргенін, қолы содан тілімденгенін айтады. Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оның жауабына сүйсініп: «Міне, Алла осындай қолдарды ұнатады», – деген.
Екінші қисса:
Алла Тағаланың жіберген пайғамбарларының ішінде Дәуіт те (Алланың оған сәлемі болсын) өз адал еңбегінің жемісін жеген. Дәуіт (Алланың оған сәлемі болсын) пайғамбардың еңбекқорлығы өзгелерге өнеге, ол тек пайғамбар емес, ел басқарған патша болған. Құртубидің тәпсірінде Дәуіт пайғамбардың темір ұсталығын игеруіне себеп болған жайтты айтады: Дәуіт пайғамбардың бойындағы қасиеттердің бірі ол патшалық киімін шешіп, қарапайым күйде халық арасына шығып, жұрттан: «Дәуіт деген қандай кісі?» деп сұрайтын. Бір жолы Жәбірейіл періште жас жігіттің бейнесінде онымен жүздеседі. Дәуіт пайғамбар: Әй, жігітім! Дәуіт жайында не дейсің? – деп сұрайды. Жігіт бейнесіндегі Жәбрейіл періште: Дәуіт жақсы адам. Бірақ оның бір кемшілігі бар, – деп уәж айтады. Дәуіт пайғамбар аң-таң болып: Ол қандай кемшілік екен? деп сұрайды. Жігіт: Ол күн көріс ақысын мемлекеттің қазынасынан алады. Ал, адамдардың ең қайырлысы күн көрісін өз еңбегімен тапқан адам, – дейді. Жігіттің сынын естіген Дәуіт пайғамбар ағыл-тегіл жылап, былай дұға етеді: «Уа,Алла! Маған қазынаға мұқтаж етпейтіндей бір нәпақа табу жолын үйрет» деп жалбарынады. Алла Тағала дұғасын қабыл алып, Дәуіт пайғамбарға сауыт жасауды үйретеді. Ол темірді жұмсартып, қамырдай илейтін болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Өз қол еңбегіңмен тауып жеген тамақ тәтті болады. Ондай дәмді тамақты басқа ешқандай жерден таппайсың. Дәуіт пайғамбар тамағын өз маңдай терімен тауып жейтін еді», – деп маңдай термен тапқан малдың адал болатындығын айтқан.
Сол секілді Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бала кезінде ең алғаш айналысқан жұмысы қой бағу болатын. Жалпы, көптеген пайғамбарлардың алғашқы кәсібі мал бағу болған. Бұл жұмысты сегіз жастан бастады. Содан соң он екі жасқа жеткенде көкесі Әбутәліпке көмектесіп, сауда сапарларына шықты. Яғни Пайғамбарымыздың өмірінен оның еңбекқор болғанын білеміз.
Үшінші қисса:
Һарун Рашид бір қарт кісінің жеміс ағашын отырғызып жатқанын көріп, оған:
– Әкей, өзіңіз қартайыпсыз. Отырғызып жатқан ағаштың жемісін жеуге ғұмырыңыз жетпей қала ма, неге бейнеттеніп жатырсыз? – дейді.
Қарт кісі былай деп жауап береді:
– Бізден бұрынғылар отырғызған ағаштың жемісін біз жедік. Енді біз отырғызған ағаштың жемісін кейінгілер жесін.
Қарттың жауабы Һарун Рашидке ұнап, қартқа бір уыс алтын береді.
– Көрдің бе, балам, отырғызып жатқан ағаштың жемісін міне, мен де көрдім, – дейді.
Төртінші қисса:
Бір күні мешітке үсті-басы алба-жұлба, сақал-шашы әбден өсіп кеткен бір бәдәуи (шөл адамы) келеді. Мұны сахабалар Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткізеді. Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әлгі пақырды қасына шақырып алады да, мұндай жағдайға қалай тап болғанын сұрайды. Сонда әлгі адам өзінің жұмыссыз жүргенін, содан азып-тозып кеткенін айтады. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әлгі ғаріпке қарап: «Сіз қазір бір жіп пен балта алып келе аласыз ба?», – деп сұрайды. Әлгі кісі «Иә» деп жауап қайтарып, көп ұзамай бір жіп пен балта алып келеді. Сол кезде Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғаріпке: «Енді осылармен таудан отын шауып әкеліп, базарға сат», – дейді. Әлгі бәдәуи Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан талабын орындап, табыс табады. Сөйтіп, жалқаулықтан, кедейліктен құтылып, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының қатарына қосылады.
Бесінші қисса:
Ислам тарихында меккелік сахабалар Мадинаға қоныс аударып келген соң, Пайғамбарымыз олардың күн көрісін жеңілдету үшін әрі өзара туысқан болсын деген мақсатта мадиналық сахабалармен таныстырып, бауыр етеді. Сонда меккелік әйгілі сахаба Абдуррахман ибн Ауф мадиналық бауыры Сағд ибн Рабиғтің үйіне бөлінеді. Сонда Рабиғ «Менің дүнием, байлығым бар, мұның жартысы сенікі болсын» деп оған ағынан жарылады. Бірақ сахаба Абдуррахман ибн Ауф бұған разы болмайды: «Маған сенің ештеңең керек емес, пейіліңе рахмет. Маған базарға баратын жолды көрсетші» дейді. Базарды біліп алған соң күнделікті сүт, ірімшік, айран сатып жүріп, екі жылда ауқатты кісіге айналады. Кейінірек мадинадағы ең бай сахабалардың бірі болады. Байығаны соншалық кейде 700 түйелік сауда керуенін жалдап отыратын болған.
НАҚЫЛ-СӨЗДЕР МЕН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР:
Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.
Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі (Абай Құнанбайұлы).
Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл (Шәкәрім Құдайбердіұлы).
Еңбек шыққан жерден төзім де шығады (Мұхтар Әуезов).
Байлық – қанағат пен еңбекте (Ыбырай Алтынсарин).
Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ (Бауыржан Момышұлы).
Адам өзін еңбектен қалдырмағаны, Қарттыққа аяғын алдырмағаны. (Ыбырай Жақаев).
Еңбегімен ер сыйлы, Өнбегімен жер сыйлы.
Еңбегіне қарай – құрмет, Жасына қарай – ізет.
Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.
ТАРИХИ ДЕРЕК: (Пайғамбарлар шұғылданған еңбек)
Ислам діні мұсылмандардың дүние және ақырет үшін адал кәсіп етуін талап етеді. Құдіреті күшті Жаратқан Иеміз жер бетіндегі нығметтердің барлығын адам баласының игілігі үшін жаратқан. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Біз адамның ұлдарын құрметті орынға қойдық, оларды құрғақта және теңізде өмір сүретін еттік, оларды жақсылыққа кенелттік және оларды Өзіміз жаратқан барлық тіршілік иелерінен жоғары қойдық», – дейді. Осындай құрметті орынға ие болған адам баласының басты міндеті – Алладан адал кәсіп беруін тілеп, еңбек етуі. Тарихқа көз жүгіртсек, дініміздің әмірін ең бірінші болып бұлжытпай орындаған пайғамбарлар болды. Айталық:
Адам ата егінші болды. Нұх пайғамбар кеме жасауды үйренсе, Ыдырыс пайғамбар тігінші, Мұса пайғамбар шопан, Дәуіт пайғамбар темірден бұйым жасайтын ұста болды. Ал Иса пайғамбар медицина ғылымының шоқтығы биік ұстазы болды. Дәуіт пайғамбар патша бола тұра, өз кәсібінен басқа нәрседен тамақ жемеді, өз еңбегінен басқа дүниені пайдаланбады. Ол ұста болып, ұсталығымен күн көрді, Закария ағаш шебері болды. Ал Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әрдайым Алла Тағаладан өзін жалқаулықтан, өзгеге қарыз болудан, күпірліктен, біреуге мұқтаж болатын кедейліктен, сараңдықтан сақтауын тіледі. Хадисте: «Адал кәсіппен айналысып, содан шаршап ұйықтаған адам күнәлары кешірілген халде түнейді»; «Диқаншылық жасаңдар, өйткені ол берекелі іс. Диқаншылықты қорғайтын сақшыларды көбейтіңдер»; «Қой бағыңдар, өйткені береке сонда», – деп адал кәсіпкерлікті, диқаншылық пен мал бағуды, еңбек етуді уағыздады.
УАҒЫЗДАН АЛЫНАР ҒИБРАТТАР:
- Еңбегімен ер сыйлы болады
- Күнәлары кешіріледі
- Алла жолында болады
- Жанұяның нәпақасын табу таптырмас садақа
- Енжарлық, еріншектік исламнан емес
ДҰҒА:
اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ وَالْعَجْزِ وَالْكَسَلِ وَالْبُخْلِ وَالْجُبْنِ وَضَلَعِ الدَّيْنِ
«Уа, Алла! Уайым мен қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, қорқақтық пен сараңдықтан және дінде әлсіздік танытудан Өзіңнен пана сұраймын».
[1] «Тәубе» сүресі, 105-аят.
[2] «Нәжм» сүресі 39-42 аят
[3] «Ниса» сүресі, 29-аят.
[4] «Жұма» сүресі, 9-10-аяттар.
[5] «Қасас» сүресі, 77-аят.
[6] Байһақи риуаят еткен.
[7] Ахмад хадистер жинағы.
[8] Ахмад риуаят еткен.
[9] Тирмизи хадистер жинағы
[10] Муслим хадистер жинағы
[11] Бұхари риуаят еткен
[12] Табарани хадистер жинағы.
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Максат | 01.02.2020 08:53
Прошу уделить внимание на русский перевод сайта. Полное разногласие и дефектный перевод. Например семь столпов переводится как семь палочек.
Спасибо.
Администратор | 11.02.2020 11:35