Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Теміртаудағы тимбилдинг

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 26.06.2022 965 0 пікір
Теміртаудағы тимбилдинг

БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Ақпарат бөлімінің ұйымдастыруымен Теміртау қаласында журналистерге арналған тимбилдинг өтті.

ҚМДБ журналистері табиғат аясында серуендеп, балық аулап, жағажай волейболы мен жасыл алаңда футбол ойнады.

«Медиа саласындағы мамандарымыз, өкілдіктерден келген әріптестерімізбен қызмет бабымен ғана емес, рухани да байланыс орнатайық деген мақсатпен осы іс-шараны қолға алдық. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақпарат саласының өкілдеріне мерекелік көңіл-күй сыйлаған Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы және оның ұжымы, «Әлихан Бөкейхан» орталық мешітінің дін қызметкерлеріне айрықша алғысымызды білдіреміз» дейді Ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы.

Айта кетейік, апта басында «Ізгілік жаршысы» атауымен ҚМДБ журналистерінің форумы өткен болатын. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру