Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ «ІЗГІЛІК ЖАРШЫСЫ» МЕДИАФОРУМЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.06.2022 5240 0 пікір
ҚМДБ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ «ІЗГІЛІК ЖАРШЫСЫ» МЕДИАФОРУМЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін елордадағы ҚМДБ ғимаратында «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында «Ізгілік жаршысы» тақырыбындағы мүфтият журналистерінің республикалық медиафорумы басталды.

Жиын Құран аяттарын оқумен басталып, дін мен медиа жайлы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Мүфтият журналистерінің медиафорумына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің Бас редакторы Ғабит Мүсіреп, «Айқын» газетінің Бас редакторы Амангелді Құрметұлы, «Túrkistan» газетінің Бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубай және белгілі тележурналист, танымал диктор Зейін Әліпбек, сонымен қатар ҚМДБ-ның аймақтардағы баспасөз өкілдері қатысуда.

Айта кетейік, «Ізгілік жаршысы» форумында діни журналистиканың ақпарат айдынындағы орны, жаңа медианың жаңалықтары, шынайы ақпаратты анықтау тәсілдері, жалған діни ұрандардан сақтану жолдары т.б тақырыптарында баяндама жасалмақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру