Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АТЫРАУДА МЕДРЕСЕ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.07.2025 4206 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АТЫРАУДА МЕДРЕСЕ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барған сапарында қалада салынып жатқан медресе құрылысымен танысты.

Бас мүфти құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, ғимаратты тиісті ережеге сәйкес салуға назар аударды. Сонымен қатар нысанды жоспарланған мерзімде аяқтау қажеттігін жеткізді.

Наурызбай қажы Тағанұлы оқу ордасының тұрғызылуына тікелей демеушілік жасап жатқан азаматтарға айрықша алғысын білдірді.

Айта кетсек, төрт қабаттан тұратын медресенің жалпы аумағы – 2500 шаршы метр.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру