Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына барған сапарында қос дін қызметкеріне пәтер кілтін табыстады.
Діни басқарма жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында көп балалы әке, діни салада талай жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Атырау қалалық «Ар Рахман» мешітінің наиб имамы Алтынбек Ажокұлына 846-баспана, Алмалы ауылдық мешітінің имамы Бекзат Жеңісұлына 847-баспана кілті берілді.
«Алла Тағала қуаныштарыңызды еселесін. Қиындықтарыңызды жеңілдетіп, шаңырақтарыңызға құт-береке жаудырсын. Осы сауапты іске үлес қосқан мешіт жамағатына және жанашыр азаматтарға Алла разы болсын. Қоныс құтты болсын» деді Бас мүфти.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
11.07.2025
2592
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру