Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Өскеменде аймақтық конференция өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 30.03.2023 1856 0 пікір
Өскеменде аймақтық конференция өтті

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігі облыстық қоғамдық даму басқармасы және «ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығымен» бірлесіп, «Алтай өңіріндегі рухани ағартушылық мәселелері: тарих және қазіргі кезең» тақырыбында TEDxOSKEMEN 2023 аймақтық конференциясын ұйымдастырды.

Айтулы іс-шара өңірлік рухани әріптестікті арттыру, жастар арасындағы ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мақсатында жасалды.

Конференция жұмысына облыс бас имамы Ермек Қасболатұлы бастаған қала және аудан имамдары, дін саласындағы білікті мамандар, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшыларымен қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің теологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі топ
инспекторлары, мектеп директорлары, жастар ресурстық орталығының өкілдері, ЖОО студенттері қатысты. Аймақтық конференцияны облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов ашып, өңірдегі рухани ағартушылық мәселелерін зерттеудегі осы жасалып отырған шараның маңыздылығына тоқталды.

Шарада ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы «Алтай жерінің руханият ағартушылары» атты баяндама жасады. Бас имам: «Алтай-түркі жұртының кіндік кескен төл мекені. Алтайдан қай дәуірлерде болмасын рухани ағартушылар көптеп шықты. Кешегі өткен ірі дін ғұламасы Халфиа Алтай атамыз өмір бойы өзінің Алтайда туғандығын мақтан етіп өтті. Қатонқарғайда өмір кешкен Әбдікерім болыс мектеп ашып, қазақтың әйгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровты ұстаз етіп, қазақ балаларын сауаттандырды. Зайсанда XX ғасырдың басында рухани орталық міндетін атқарған «Қазақия» және «Ғизатия» медеселері қазақ балаларының сауат ашуына ерекше роль атқарды. Кешегі Ақыт қажы Үлімжіұлы, Ақтайлақ би, Тана мырза қатарлы ірі тұлғаларды Алтай өңірінің ірі ағарутушылары деп айта аламыз. Бұл тұлғалардың ерен еңбегін әлі де терең зерттеп, зерделеу қажет» дей келе, өңір руханиятын зерттеу, тарихты тану, дәстүрлі исламды дамытуға тың серпін береді» деп атап өтті.

Бас имам сонымен қатар өкілдіктен осы бағыттағы атқарылатын шаралар жайлы да айтып өтті. Алқалы шарада Дінтану PhD докторы Мұхан Исахан «Қазақстандағы ислам тарихы» тақырыбында, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының доценті, дінтану кафедрасының меңгерушісі, ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы - Кеңшілік Тышхан «Алаш Орда кезеңіндегі рухани ағартушылық: дәстүр және сабақтастық» тақырыбында баяндама жасап, ізгі қоғамдағы дәстүрлі Исламның дамуы жайлы кең көлемде баяндады.

Жиында сөз алған қатысушылар ізгі қоғамдағы исламның орны, дәстүрлі ислами құндылықтарды дамыту, жастарға дәстүрлі тәрбиені насихаттау бағытында келелі ойларын ортаға салды. Конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру