Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Бірлігі жарасқан жамағат» іс-шарасы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 30.06.2025 445 0 пікір
ШҚО: «Бірлігі жарасқан жамағат» іс-шарасы өтті

ҚМДБ жариялаған «Ислам және отбасы құндылықтары» жылы мен Бас мүфтияттың 35 жылдық мерейтойына орай, Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Тарбағатай ауданы, Байтоғас ауылында «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани-танымдық және спорттық іс-шара өтті.

Шараның мақсаты – жамағат арасындағы бірлік пен бауырмалдықты арттыру, діни-ұлттық құндылықтарды насихаттау және салауатты өмір салтын дәріптеу.

Облыс аудандарынан келген командалар арқан тарту, волейбол, садақ ату сынды ойын түрлерінен сайысқа түсіп, ұйымшылдық пен достықты паш етті.

Жоғары ұйымшылдық көрсеткен командалар марапаттарға ие болды. Шара соңында жамағат ортақ дастарханнан дәм татып, ел амандығы үшін дұға жасады.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру