
Алматы қаласы, Медеу ауданы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында «Садақ ату – сүннетім» атты ұлттық рухтағы жарыс өтті.
Игі шараға Медеу ауданындағы мешіттерден 20 шәкірттен құралған 4 команда қатысып, мергендік қабілеттерін ортаға салды. Жарыстың шымылдығын «Омар ибн әл-Хаттаб» мешітінің наиб имамы Асқар Елемесұлы мен «Исмихан» мешітінің бас имамы Ернат Қабылбекұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс барысында қатысушылар тек садақ атумен шектелмей, өз өнерлерін де көрсетті. Атап айтқанда, Ибраева Қарлығаш Абайдың «Сегізаяқ» әнін, Сәулеш Дәлел халық әні «Алқоңыр» мен Ақан серінің «Ләйлім шырақ» әндерін домбырамен орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қазақы нақыштағы дастархан жайылып, ұлттық сусын – қымыз ұсынылды.
Жарыс нәтижесінде үздік шыққан қатысушылар жүлделі орындармен марапатталып, әрбір шәкіртке бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, шәкірттерді дайындаған ұстаздарға да құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар берілді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру