
Атырау облысындағы мешіттерде ұйымдастырылған «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы өз мәресіне жетті. Игі бастаманың қорытынды салтанаты облыстық орталық мешітте өтіп, шараға Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы арнайы қатысып, балғын шәкірттерге ізгі тілегін білдіріп, сертификаттар табыстады.
Жалпы жазғы курс аясында облыс бойынша 1580 шәкірт білім алды. Оның ішінде 870 ұл бала және 710 қыз бала Құран оқып, діни сауатын арттырды. Оқыту үдерісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырысымен жарық көрген «Имандылық әліппесі» оқулығы негізінде жүргізілді.
Балалардың рухани дамуына ғана емес, жан-жақты тәрбиесіне де мән берілді. Сабақтан тыс уақытта тәттілер таратылып, ойын алаңдары ұйымдастырылды. Сондай-ақ шәкірттерге арналған қызықты экскурсиялар мен мәдени-танымдық іс-шаралар өткізілді.

































Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру